» » Қыздар сұлу көрінер келбетімен...

Қыздар сұлу көрінер келбетімен...


Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділігі мен әдемілігі, сұлулығы кімді де болсын тәнті етеді. Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің қолдауымен Жаңажол ауылдық клуб үйінде «Көркем ару» атты аудандық арулар байқауы өтті.
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, жүріс-тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерін, ұшқыр ойын, іс-әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, дамыту мақсатында өткен аудандық арулар сынына 12 үміткер қатысып, өзара бақ сынасты.
Аталмыш байқауға Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Арнұр Көшенеев, К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің директоры, жырау Әйгерім Ешбаева, №107 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Ешниязова қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Жаңажол ауылының өнерпазы Аймереке Арыстанбекова, І орынды Төретам кентінің өнерпазы Назерке Төлебаева, ІІ орынды Көмекбаев ауылдық клуб үйінің өнерпазы Ақсұңқар Бүркітбай және ІІІ орынды Тұрмағамбет ауылының өнерпазы Нұрпатшайым Әділбекова және Ақжар ауылының өнерпазы Асылзат Сәбитова иеленді. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
«Қт» ақпарат
06 наурыз 2022 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930