» » Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені

Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені

Еліміздегі басты құндылықтың бірі – татулық пен бейбітшілік, ымырашылдық пен келісім. Осынау қанатты қағиданы ұстаным еткен Қазақ елі бүгінде жүзден аса ұлт өкілін бір шаңырақ астына біріктіріп отыр. Отанымыз үшін достық – қашанда бағалы ұғым. «Бағалай білгенге бақ қонады» деп аталарымыз айтқандай, тағдыр талқысымен жер ауып келген өзге ұлт ағайындардың да жергілікті халықпен ауылы аралас, қойы қоралас болып кеткен. Оны өзіміз де күнделікті өмірде көріп жүрміз. Дәлірек айтқанда, бірнеше ұлтқа сая болған ІІІ Интернационал ауылдық округі сөзімізге дәлел.
Жақында ауылда «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» атты «Көш керуен» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен үш бірдей іс-шара ұйымдастырылып, тағылымды жиын өткен болатын. Оның алдында облыстық ҚХА құрылым, аудан, ауылдағы этнос өкілдері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері бірлесіп, елді мекен саябағына қаламшалар екті. Осындай қарқынмен акцияға қатысушылар аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық акциясына үн қатып, 100-ге жуық көшет отырғызды. Сөйтіп ауылдың көгалдануына үлестерін қоса білді.
Іс-шараның алғашқысы, «Достық жер» ЖШС-ның мәжіліс залында ауылдық округ ақсақалдарының кездесуімен басталды. Отырысқа облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Шегебай Құндақбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Этносаралық мәселелерді зерттеу және мониторинг» бөлімінің басшысы Ерсұлтан Есов, сондай-ақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша «Ақсақалдар кеңесінің маңыздылығы» тақырыбында Серік Махмутұлы, «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбында Шегебай Құндақбаев және «ІІІ Интернационал ауылдық округінің этносаралық ахуалы және этносаралық топтар арасындағы өзара қарым-қатынасты тұрақтандыру» тақырыбында ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаровтар хабарлама жасап, атқарылған жұмыстар, Ұлттық құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер мен ауылдағы келісім мен татулықты әңгімеге өзек етті. Сонымен бірге, бір ел болып еліміздегі орын алған су тасқынына қарсы тұрудағы табыстың басты кілті де ынтымақ екенін назарға салды.
– Бұл ауыл – қасиетті. Себебі 11 этнос өкілі тұратын ауылға мен әр келген сайын адамдық иіске тойып кетемін. Осы ауылдың тұрғындары өмір деген айдында береке-бірлігі, жақсы тірлігімен өмір сүріп келе жатыр. Бұл дегеніміз – біз үшін еңбектің, өнегенің үлкен жетістігі. Судан сақтасын, құлаған тудан сақтасын, дариямыз суға толсын, ісіміз игі болсын, – деп ақжарма тілегін жаудырды.
Кездесуде еңбек ардагерлері Рамиз Даврушев, Мия Арифов сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін білдірсе, Қуаныш Тоғайбаев бата берді.
Мұнан соң ауылдық мәдениет үйінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері тұрғындармен кездесті. Онда ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген өзекті мәселелері сөз етілді. «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, модератор Дәулет Омаров «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына түсіндірме жасады.
АТТ мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі Жақсыбай Жәкеев бірлік, ынтымақ туралы айтса, ғылыми сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев заң, тәртіп туралы, заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салыну қажеттігін атады. Одан бөлек, «Бітім» медиация орталығының директоры Жанна Мирамбекқызы жаңа идеялар мен жасампаз қадамдар арқылы ұлт бірлігін нығайту, ел бірлігі үшін, мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қою сынды мәселелер төңірегінде ой қозғады. Облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Серік Ыдырысов жүрекжарды лебізін жыр шумақтарымен жеткізді.
«... Сондықтан да барлығыңның бағаң бар,
Бір-біріне туыс болып қараңдар.
Мәңгі бақи бірлікпенен күн көрсін,
Интернационалдық маған қымбат адамдар!» деп, халықтың қошеметіне бөленді.
Келесі іс-шараның ерекшелігі облыстық ассамблея жастарының №108 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізуі болды. Оған тіл жанашырлары, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері Елена Пак, Бахар Милиярова, аудандық мәслихат депутаты, түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Дильфура Байрақтарова қатысты.
Кездесуде Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерді кезеңкезеңімен жүзеге асыру, отбасы құндылығын дәріптеу, жастарды еңбекке баулу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын соңында ауыл бірлігін сақтап, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген еңбек адамдары, ауыл ақсақалдарына облыстық қоғамдық даму басқармасының алғыс хаты табысталды. Сонымен қоса, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы қоғамдық қабылдау өткізіп, барлық айтылған ұсыныс-пікір ескерусіз қалмайтынын айтты.
Кездесулерге ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Бақытбек Байбарақов, «Достық жер» ЖШС директоры Бекир Набиев, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлбарам Тоғаева қатысты.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
16 сәуір 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930