» » Береке басы – бірлікте

Береке басы – бірлікте


ЖУЫРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН «СЫР ӨҢІРІ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН III ИНТЕРНАЦИОНАЛ АУЫЛЫНДА ТҮРІК ЭТНОСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ.
Басқосу ауыл орталығындағы Достық үйінің кітапханасында қоғамдық келісім кеңесінің отырысынан басталды. Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Асылбек Жұмабаев, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Хайруллаев және аудандағы Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Отырыста тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің қол жеткізген басты жетістіктерінің бірі – елімізде тұратын барлық этнос өкілдері арасындағы бірлік пен келісімнің маңыздылығы, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы айтылды.
– Ассамблеяның негізгі жұмысы, тұжы­рымдамасы – бірлік пен татулыққа бағытталған. Ассамблеяның жанында 9 құрылым болса, сол құрылымдар этнос өкілдері жиналған ауылға аналар кеңесі мен ақпараттық насихат топ өкілдері болып келіп отырмыз. Облыста 35 этнос өкілі шоғырланса, оның 11-і ІІІ Интернационал ауылында қоныс тепкен. Олардың ұлты бөлек болғанымен еліміз бір. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Сондықтан кешегі қиын-қыстау кезеңде оларға құшағымызды ашып, бауырлас, тату екенімізді көрсеттік. Сол себепті де рухани құндылығымыз болсын, елдің әлеуметтік-экономикалық жетістігі болсын, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының бағыт-бағдарын түсіндіріп, бір сөзбен айтқанда Тәуелсіздігімізді насихаттау басты міндетіміз, – дейді Фархат Әбдібағдатұлы.
Мұнан соң аудандағы ассамблея жанындағы ақпараттық-насихат тобының мүшелері Гүлжауһар Раева «Бірлігі бекем елдің – тірлігі берекелі» тақырыбында сөз қозғаса, іс-шараның басты тақырыбына айналған «Достық пен ынтымақ – тәуелсіздік тұғыры» туралы Қармақшы ауданының құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов кеңінен баяндама жасады. Ал ауданның айтыскер жас ақыны ­Сырым Әділбеков тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнау айтса, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, кеңес мүшесі Шегебай Құндақбаев осы уақытқа дейін насихаттық топтың атқарған іс-шараларының есебін берді.
Ғимараттың мәжіліс залында облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметованың жүргізуімен «Ана – ұлттың ар-ұяты» тақырыбында отырыс өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Дильфура Байрақтарова, облыстық және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Мұнда да тақырыпқа сай отбасы құндылығын сақтау, қыз бала тәрбиесі, отбасындағы әкенің рөлі, ажырасу мәселесі және отбасылық саясаттың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.
– Бұл ауыл – бірлігі, достығы, татулығымен көпке үлгі. Сондықтан салт-дәстүрді берік ұстанған ауылда аналар кеңесінің мүшелерімен бас қосып отырмыз. Себебі қазір елімізде отбасы мәселесі белең алуда. Ажырасу, баланың ата-анасыз өсуі секілді түрлі жағдай дендеп келеді. Сол үшін отбасындағы жас әкелердің рөлін, жауапкершілігін жан-жақты қарап, талқылауымыз керек. Жалпы отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын, дәстүрін жалғайтын, ұрпақ өсіріп тәрбиелейтін қастерлі ұя. Осы орайда ата-аналар отбасында баланы халқымыздың салт-дәстүрімен тәрбиелеп, санасына отбасы құндылықтарын дәріптеу қажет. Әр отбасының баласы тәрбиелі болса, қоғам тәрбиелі болатыны сөзсіз, – деді Рахима Қаржаубайқызы отырыста.
Іс-шара барысында Ақай ауылынан келген бір топ аналар мен қыздар бірлесіп, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында қойылым қойып, көпшілікті тәнті етті. Тамаша көріністен кейін ауыл тұрғыны зейнеткер, көпбалалы ана Барша Матаева сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Сонымен қатар аудандағы Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Райымбаева,­ Рабиға Балғабаева, Күлшара Қаниевалар ұсы­ныс-пікірлерін біл­дірді. Кеңес отырысының со­ңында бірқатар ақжаулықты жандар облыстық Аналар кеңесінің марапатына ие болды.
Мерекелік кеш мұнан соң Цай Ден Хак атындағы мәдениет үйінде түрік ағайындардың дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Ең әуелі келген қонақтарға түрік халқының ұлттық тағамдары мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі таныстырылды. Салтанатты жиында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы құттықтау сөз сөйлеп, достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға үлес қосқан бірқатар ауыл белсенділеріне алғыс хат табыс­тап, сый-сияпат жасады. Ауыл өнерпаздары көрерменге қазақ және түрік халқына ортақ әдет-ғұрпын сахналап, кеш соңын «Достық» биімен аяқтады.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 желтоқсан 2021 ж. 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031