» » Бейбітшілік пен келісім шеруі сыр өңіріне келді

Бейбітшілік пен келісім шеруі сыр өңіріне келді


Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бейбітшілік пен келісім шеруі Сыр өңіріне келді.
Шілденің 15 жұлдызында қызылордалықтар «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының 1-ші кезеңінің қатысушыларын қарсы алды. Татулықты ту еткен шеру қаланың көрікті жерлерімен өтіп, Достық үйіне келді. Мәртебелі қонақтарды Сыр әжелер ансамблі әндетіп, шашу шашып күтіп алды.

Салтанатты шараға қатысушылар Достық үйінде әзірленген Сыр өңірінде табылған археологиялық құнды жәдігерлер көрмесі мен «Қызылорда: кеше, бүгін» фотокөрмесімен танысты.

Мұнан соң Достық үйінің мәжіліс залында «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының делегаттары жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын жасады.

Салтанатты шараның алғы сөзі Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Бақытжан Камаловқа берілді.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен достықты дәріптейтін «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алып, оңтүстік өңірден өтіп, бүгінгі таңда қасиетті Қызылордаға келіп жетті.
Еліміздің 16 қаласы мен шекаралас 3 елде өтетін бұл шерудің басты мақсаты бірлік туын желбірету.
Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы болып табылады. Осы тұрғыда, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарына негізделген бұл шерудің рөлі ерекше, - деді.

Өз кезегінде «ЕУРОПА-АЗИЯ» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруінің атқарушы директоры Руслан Абдуллин Сыр өңірінің ыстық ықыласы мен қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, үлкен қолдау үшін Бақытжан Жарылқасынұлына Алғыс хат табыстады.

Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтаудың жарқын үлгісін паш еткен ауқымды шарада өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері концерт қойып, патриоттық, ұлттық әндер шырқады.

Мұнан соң Достық үйінің мәжіліс залында «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының делегаттары жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын жасады.

Халық достығын арттыру, отандық өнімді дәріптеу, патриоттықты насихаттау мақсатын көздеген шеру киелі Қармақшы ауданына жол тартты.

16 шілде 2022 ж. 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930