» » Ел тыныштығына мән беру - бәрімізге ортақ міндет

Ел тыныштығына мән беру - бәрімізге ортақ міндет

Қармақшыда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің бесігі» атты аудандық ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті. Тағылымы мол шараны аудан әкімінің орынбасары Жарқын Тұрмаханұлы жүргізді.
Конференцияның алғы сөзін түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Гульчин Гейдарова алды.
Ол әрбір жеткен жетістіктердің негізі – халықтың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің нәтижесі деп біледі. «Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Бірлікті ұстын етіп, оны берік сақтау біздің басты мақсат-ниетіміз» деді.
«Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев «Қазақстандағы этноконфессиялық келісім» тақырыбында баяндама жасады.
«Бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды.
Қазақтың ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі сияқты қасиеттері шет мемлекеттердің оң бағасын алды. Ел тыныштығына мән беру әрбіріміздің міндетіміз деп білемін», деді.
Танымдық конференцияға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
02 қараша 2020 ж. 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 177

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 298

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930