» » Оқушылар олжалы оралды

Оқушылар олжалы оралды

Қазақ халқының ұлттық ойыны қатарында асық ату мен бес асық та бар. Бұл баланың ойын ептілікке, мергендікке баулиды. Ата-бабадан мирас болып жеткен ұлттық спорттың халық сана-сезімі мен болмысында намыс пен рухты оятатын маңызды күшке ие. Жақында Ақтау қаласында «Асық ату» мен «Бес асықтан» Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Республикалық көлемде алғаш рет өткізіліп отырған дүбірлі додаға 18 өңірден 300-ге жуық ойыншы қатысқан.
– Жарысты Маңғыстау жерінде өткізудегі мақсат – ұлттық ойынды өзге де өңірлерге насихаттап, шәкірттеріміздің бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру. Сондай-ақ бұл чемпионат бірінші рет бірлескен түрде өтіп жатыр. Өйткені, биыл Астанада V Көшпенділер ойыны өтеді. Одан өзге Әлем чемпионаты жоспарлануда. Сонымен қатар ұлттық спортқа қатысты кешенді үш жарысымыз тағы бар, – деді республикалық асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов.
Тартысты дода жеті күнге созылды. Сайыс нәтижесінде облысымыздың атынан No107 орта мектептің 7-сынып оқушысы Назыгүл Сәкенқызы мен 9-сынып оқушысы Інжу Амантаева жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қола медальді қанжығаға байлады. Айта кетейік, оқушыларды осындай жетістіктерге қол жеткізіп, үздік нәтиже көрсетуінде мектептің денешынықтыру пәні мұғалімі Шерхан Сламханұлының еңбегі еселі.
Олжалы оралған оқушылар мен жетекшіні мектеп директоры Бақытбек Нұрманов салтанатты түрде құттықтап, ыстық ықыласын білдіріп, марапатын табыс етті. Ал бейсенбіде жүлдемен оралған қыздарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 сәуір 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 328
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031