» » Ұлттық ойын ұлықталды

Ұлттық ойын ұлықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы аясында республиканың түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілуде. Сондай ерекше мазмұндағы жиынның бірі ­– ауданға қарасты Төребай би ауылында ұйымдастырылды. Онда ауылдық клуб үйі жанынан «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» тақырыбында орта буын, аға  буын өкілдері арасында ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындардың бірі «Асық ату» ойыны болып өтті.
Ауыл тұрғындары арасынан 7 тұрғын бақ сынады. Жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, қайта оралмас балалық шақты еске алғандарына қуанышты екенін жеткізді.
– Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі әрі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын ертеректе балалар арасында кең тараған. Сол себепті балалар ойынға арнайы көрермен ретінде шақырылып, ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырды. Қазір қала баласы түгіл, асық ойнайтын ауыл баласын кезіктіре алмаймыз. Әсілінде, бұл ойын – оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Өзіміз де қолымызға асық алып, балалық бал шағымызға саяхат жасап, бір жасап қалдық, – дейді ауыл тұрғыны.
Қарап отырсақ тіліміздегі «қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса сақа ғой» немесе «асығы алшысынан түсті», «бүге-шігесіне дейін анықтау» секілді тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтарда жақсы көрген затына «алтын асықтай екен» немесе «киіктің асығындай шымыр» деп сипаттама берген. Мұндай тұрақты тіркестерден асықтың қазақ өмірінде айрықша символдық мәнге ие екенін, ел тұрмысымен біте қайнасқан ойын екенін көруге болады. Ұлттық ойынды ұлықтаған төребайбиліктерге әлеуметтік желі қолданушылары да дән риза. Бірі ұйымдастырушыларға алғысын айтып, ақ тілегін ақтарса, енді бірі өзге мекендерде де бұл ойын түрінен жарыстар өткізілсе деген ұсынысын жеткізген. Расымен де, ата-дәстүрмен бекітілген ұлттық ойынымыз жаңғыртылса нұр үстіне нұр болар еді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
10 тамыз 2021 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031