» » Асық ату мен бес асық спортынан аудандық біріншілігі өтті

Асық ату мен бес асық спортынан аудандық біріншілігі өтті

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойыны асық ату мен бес асықтан 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық біріншілік өтті.

Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай қазақтың ұлттық ойыны асық ату мен бес асықтан 2009-2011 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық біріншілік Дүр оңғар ауылы №107 орта мектебінің спорт залында өтті. Жарысқа барлығы 46 спортшы қатысты.
Спорттық шараның негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасының «Спорт күні» кәсіби мерекесін кең көлемде атап өту, Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, кіші жасөспірімдердін достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Жарыс қортындысы: бес асық
ІІІ орын - Бақытбекқызы Нұрай
ІІ орын - Жаңабай Мариям
І орын - Сәкенқызы Назыгүл
Үздік ойыншы ойыншы номинациясымен Назыбекова Гүлерке, Амангедиева Зарина марапатталды. Асық атудан
ІІІ орын - Әлиев Расул
ІІ орын - Қабылов Сырым
І орын - Әлиев Сұлтан
Үздік ойыншы ойыншы номинациясымен Жұмабеков Жомарт, Файзрахман марапатталды.
Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер спортшыларына Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің «Спорт клубының» дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.
26 тамыз 2023 ж. 1 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 051
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031