Топ-баннер
» » Тазалық жұмыстарына байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті

Тазалық жұмыстарына байланысты кеңейтілген мәжіліс өтті


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен Қармақшы ауданы бойынша санитарлық тазалық және көркейту, көгалдандыру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, ардагерлер, кәсіпкерлер мен көше комитеттерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Аудандағы көркейту – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы» мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Ефенов пен Жосалы кенті әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Досмұратов баяндама жасады.

«Тазалық жұмыстарымен барлық мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері және жеке кәсіпкерлер айналысып, тәртіпті сақтаулары қажет. Сонда ғана тазалық сақталады және елді мекендер көркейе түседі. «Тазалық – тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде» дейді дана халқымыз. Осыған орай, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет. Ауданымыздың тазалығын сырттан ешкім келіп тазалап бермейді. Ауданымыздың тазалығы «Өзгеге емес Өзімізге қажет» екенін естен шығармайық. Сонымен қатар, тал егу жұмыстары да назардан тыс қалмауы тиіс», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы мәжіліс барысында тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тындап, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 наурыз 2024 ж. 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 466
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 294

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728