» » Найзағай, жауын-шашын, жел: еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Найзағай, жауын-шашын, жел: еліміздің 17 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 30 наурызда елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсетінін, екпіні күшті жел соғатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жауын, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күркірейді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.
Шымкентте түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының тау етегіндегі аудандарында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында кей уақытта найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың онтүстік жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Алматыда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, батысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 наурыз 2024 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 099

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031