Мәслихаттар сайлауы
» » Тұман және жел: синоптиктер 30 қазанда елдің басым бөлігінде ескерту жасады

Тұман және жел: синоптиктер 30 қазанда елдің басым бөлігінде ескерту жасады

Синоптиктер 30 қазанда республиканың 13 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде онтүстік-шығыстан жел онтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 30 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 
30 қазан 2023 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30