Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Рамазан соңына дейін "Тегін такси" акциясы жүреді

Рамазан соңына дейін "Тегін такси" акциясы жүреді


Жосалы жамағатының ұйымдастырумен Рамазан соңына дейін тарауық намазына келген қарттар мен жастарға үйлеріне қайтуына тегін такси қызмет етпек.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Өзі үшін жақсы көргенін бауыры үшін де жақсы көрмейінше ешқайсысыларың иман еткен болып саналмайсыңдар», – деп келеді (Бухари, Муслим, Тирмизи, Ахмад). Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл хадисінде мұсылман адам өзіне қалағанды бауырына да қалау керектігін иманмен тікелей байланыстыруынан бұның қаншалықты маңызға ие екендігін байқаймыз. Хадис мәтініндегі «иман еткен болып саналмайсыңдар» деген сөзге келер болсақ, ондай адам имансыз болады деп хадисті тікелей түсінбеуіміз қажет. Ибн Хиббан хадистің бұл тұсын: «Пенде хақиқи иманға қол жеткізе алмайды», – деп түсіндірген.
Яғни, біз өзіміз көлікпен жүргенді қалаймыз. Басқаның да жаяу жүргенін қаламау керекпіз.
Осы тұрғыда бірлігі бекем жамағат көлігі барлары көлігі жоқ жас пен кәріні үйлеріне тегін жеткізу Рамазан соңына дейін жүреді.
Салихалы амалда жарысатын мұсылмандардың саны арта берсін!

© Аудандық "Қармақшы ата" мешітінің баспасөз қызметі

20 наурыз 2024 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031