» Рақымға толы – Рамазан айы

Рақымға толы – Рамазан айы

Жаратқанның мұсылман құлдарына қасиетті етіп берген бірнеше күндері мен айлары болса, соның бірі – Рамазан айы. Оның басқа айлардан ерекшелігі – отыз күн бойы ораза ұстау. Әне-міне дегенше жыл айналып қасиетті күн де келіп жетті. Оразаға ниет еткен жамағат ала таңнан күн батқанға дейін сабырлық жасап, ішіп-жемнен тыйылады. Сондай-ақ ашу-ызаға бой алдырмай жұмсақтық танытады. Тұла бойын харамнан, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан сақтайды.
Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде үмметін былай деп сүйіншілейді: «Кімде-кім рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жа­саған күнәлары түгелдей кешіріледі» деген. Адамды жолдан тайдыратын нәпсінің екі нөкері бар. Ол тойымсыз тамақ жеу мен жыныстық сезім. Нәпсі – адамның ішкі жан-дүниесі, рухына азық болатын нәрселерден гөрі тәнге азық болар харам нәрселерге үгіттейді. Ал оразаның пайдасы осы нәпсіні тізгіндеуге септігін тигізеді. Пенде оразаның арқасында нәпсісін толықтай ауыздықтап, өзі де ұлы Жаратушының алдында шынайы мойынұсынған құлға айналмақ. Яғни ораза тұтқан кез келген жан өзінің ораза ұстамаған бұрынғы бейғам күндеріне қарағанда тазалықты, пәктікті сезінеді. Осыдан барып ол өзінің барынша әлсіздігі мен мұқтаждығын сезініп, Алланың рақымына қарай бет түзейді.
Бізді жоқтан бар еткен Жа­ра­тушының бізге парыз еткен бұй­рықтарында көптеген нығмет бар. Адам­ның жаратылысы ең кемел жаратылыс болғандықтан рухымызға қажетті құндылықтарды осы ораза құлшылығы ерекше сіңіре алады. Ғылыммен үндестік тауып, дін мен күнделікті тұрмысымыз сабақтасып жатқандықтан осы оразаның адам денсаулығына орасан зор пайдасын медицина мамандары дәлелдеп отыр. Бірақ біз оразаны денсаулыққа пайдасы болғандықтан ғана емес, Алланың бұйырған парызы және пенденің негізгі ұлы міндеті ретінде ұстанамыз. Әсіресе рухани тұрғыда алар болсақ, адам баласының ішкі дүниесін кемелдік дәрежеге жетуіне көптеген игі әсері бар.
Жақында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандар діни бас­қармасының төралқа мәжілісі өтті. Онда наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын айтты. Бұл Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасымен кеңесіп шығарылған ортақ шешім. Яғни Рамазан айы 2 сәуірден басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні болса, 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай.

Өміржан ТОБЖАНОВ,
аудандық «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы
---
29 наурыз 2022 ж. 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031