» » Маңызды мәселе талқыға түсті

Маңызды мәселе талқыға түсті

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында қоғамда өзекті болып жатқан мәселелер бойынша сөз қозғады. Осыдан бірнеше уақыт бұрын мектеп оқушыларының еш кедергісіз насыбай атып жүргенін, жастардың дүкен сөрелерінен вейпті (электронды темекіні) қолжетімді бағада сатып алып жатқандығы қоғам белсенділері тарапынан көтерілді. Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Бұл туралы Президент өз сөзіңде «Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр. Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ» деді.
Елдің дамуы жолында кез келген мәселенің шешімін шығару маңызды болып табылады. Біз қоғам болып аталған мәселемен күрес жұмыстарын бастамасақ, кейін мүлдем кеш болуы мүмкін. Әр саланың өкілдері өз құзыреттілігі бойынша мәселені жіті талдап, қоғамдық ұйымдармен бірге іске асыратын механизмдерді ұсынуы қажет.
Мәжіліс қабырғасында вейп сатуға тыйым салынатын заң қабылданды. Қазір вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толықтай тыйым салынды. Оларды саудалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, айыппұлдар төленеді. Осындай заң жобаларын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауға тиіспіз. Насыбай мен вейп ел жастарының ермегіне айналмауы керек. Бұл мәдениетіміз бен тәрбиемізге тікелей әсер етеді.
Нұрасыл БЕКМАТОВ
19 наурыз 2024 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031