» » Насыбайдың настығына наныңыз

Насыбайдың настығына наныңыз

Насыбай. Атын естігенде түріңіз тыржиып, оны көрген кезде иісінен жиіркене қашатыныңыз белгілі. Себебі, атауы айтып тұрғандай насқа бай зат. Құрамы да, дайындалуы да ластықтан басталады. Оны пайдаланған адамның өзі тазалыққа сай қолданбайтыны көзге көрініп жүр.


Тауық саңғырық тастағандай әр жерге түкіріп жиіркендіруде. Тұтынған адамға бес-он минуттық ләззат сыйлайтын бұл затты мектеп қабырғасындағы оқушыдан бастап жоғарғы қызметтегі ағаларымыз бен еңкейген қартқа дейін қолдануда. Бұрын аталарымыздан байқайтын едік. Киіз үйде насыбайын көрсетпей ғана шақшасынан атып, киіздің астына тас­тайтын. Оны кейде әжеміз байқап қалып ұрсып жатса, атамыз саспастан «қайта үйге жылан жоламайды» деп отыра беретін. Бала күнімізде насыбайдың бір түрін көретінбіз. Қазір кез келген базардың әр бұрышынан көруге болады. Қандай түрі керек «Абай», «ореке», «носи», «Айнұр» тіпті аттарына дейін келістіріп қойған. Алыс­тан менмұндалайды.

Мектеп жасымда жазғы үш ай демалыста нағашымның ауылына қыдырып барғаным әлі есімде. Нағашы атам бақшасына насыбай егетін. Басқа жеміс­терге қарамаса да осы бір өсімдік жапырағын баппен өсіреді. Оны биттеп кетпесін деп түрлі ем-дом жасайтын. Әлгі жапырақтың биіктігі тізеге дейін жеткенде кесіп алып жинап көлеңкеге кептіреді. Қураған жапырақты келіге салып, келі саппен езгілеп ұнтап, оған сексеуілдің күлін қосып дайындайтын. Ал, қазіргі насыбайдың жасалуы мүлдем бөлек. Құрамын көрсеңіз адам жиіркенеді. Швед ғалымдары бірінші рет насыбайдың құрамын толығымен зерттегенде, оның қаншалықты адам ағзасына зиян екенін дәлелдеп дабыл қаққан. Зерттеу нәтижесінде құрамынан махорка, сөндірілген әк, тауықтың саңғырығы, түйе тезегі, әр түрлі өсімдіктердің күлі, хром, кадмий, қорғасын, күшәла секілді химиялық заттарды әлдеқайда мөлшерден тыс екенін анықтаған.

Насыбайдың құрамы ғылыми зерттеу арқылы енді белгілі болып жатқанымен, оның зияндылығы әлдеқашан дәлелденген. Ол ауыз қуысы, өңеш, асқазан рагіне бірден-бір себепкер. Көбіне аталған дертке насыбай ататын ер-азаматтар шалдығады екен. Онкологиялық аурулардың басты қоздырғышы арақ, темекі, насыбай болса, аталған зиянды заттар адам ағзасындағы жасушалардың қалыпты жағдайын бұзады. Осылардың ішінде ең қауіптісі – насыбай. Бір қарағанда арзанқол заттың залалы өте зор. Құрамындағы ауыр металлдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы тез байқалады екен.

– Біз, бес күндік алдамшы өмірде өзімізді алдаудан шаршамаймыз. Бүгін, ертең, кейін, әйтеуір бір күні қоярмын. Осылай ұзын сонар сылтауларды тыюдың бір жолы – кәміл иман – дейді мешіт имамы. Насыбай туралы шариғат тұрғысынан қарайтын болсақ, «Пайғамбарымыз , барлық мас етуші және буын-буынды алып қоюшы заттардан тыйды». Білуімізше, насыбай бірер минутқа болсын адамды есеңгіретіп жіберетіні бәрімізге белгілі. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистерін назарға алсақ, бекітілген мынадай фиқһ қағидалары бар: Біріншісі – «Әр зиянды нәрсенің үкімі – харамға байланған», екіншісі – «Жаманы мен жақсысы қатар тұрғанда, әуелі жаманынан құтылудың қамын ойлау» – делінген. Ендеше барлық зерттеуден зиян деп тапқан затты, харамға шығармасқа ешқандай кедергі жоқ.

Қарапайым мысал. Кез келген дүкен сөрелеріндегі заттардың, тіпті харам етілген арақ, темекіңіздің сыртына құрамын жазып, денсаулыққа зиян екенін сурет пен көрсетіп қойған. Ал, сіз тұтынған насыбайдың сыртынан осындай нұсқаулықты көрдіңіз бе? Қазекемнен қалған дүние деп, біз айтқан жайттарға сенбей насы­байға бола өкпелеп қалмаңыз. Денсаулыңығызды ойлаңыз, насыбай­дың настығына наныңыз!

Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы».
11 ақпан 2019 ж. 1 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031