» » Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру

Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру

Фото: Облыс әкімдігі
Үкімет Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті. Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов а.ж. 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.
Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды.
Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.
Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте тұрғандар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Отбасы банк 300 млрд теңге сомасына ипотекалық қарыздар беретін жаңа бағдарламаны іске қосады.
Жаңа бағдарламаға жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады.
Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың баспанаға мұқтаж отбасын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық.
Еліміздің жол желісін дамыту бойынша Президент айтқан 12 мың шақырым автомобиль жолдарын реттеу үшін Үкімет ағымдағы жұмыстардан бөлек, қосымша 2,5 мың шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Бұл мақсаттарды іске асыру үшін шамамен 1 трлн теңге инвестиция бағытталатын болады.
Бұл жай-күйі жақсы және қанағаттанарлық республикалық жолдардың үлесін 93%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ қосымша 24 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы кемінде 1,7 мың шақырым желіні жаңғырту міндетін қойды. Бұл 300 мыңнан астам азаматқа көгілдір отынды қолжетімді етеді.
Осыған байланысты Үкімет биыл жоспарланған 46 елді мекеннің орнына 87 елді мекенді газдандырмақ.
Осылайша, 63 мыңнан астам адам жеңілдетілген шаралармен газбен қамтамасыз етіледі, яғни қамту деңгейі 2 есеге ұлғаяды. Бұл мақсаттарға 195 млрд теңге бөлінетін болады.
Үкімет басшысы биыл 1 сәуірге дейінгі мерзімде жобаларды қаржыландыру кестесін уақтылы ұсынуды тапсырды. Кесте сондай-ақ жобалардың әрі қарай іске асырылуын күнделікті бақылауды да көздейтін болады.
«Біз Президенттің ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Әрбір министрге және әкімге, ұлттық компаниялардың басшылығына жұмысты күнделікті бақылауға алуды тапсырамын. Тұрғындар нақты өзгерістерді көруі қажет. Толық қайтарыммен жұмыс істеу және жоғары нәтиже тиімділіктің көрсеткіші болмақ», — деді Олжас Бектенов
18 наурыз 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 367

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 446

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930