» » Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн теңге бағыттайды

Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн теңге бағыттайды

Үкімет дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн теңге бағыттайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн теңге бағыттайды. Бұл қаражат республикалық бюджет есебінен – 3,4 трлн теңгеге және бюджеттен тыс қаражат есебінен 2,5 трлн теңгеге қамтамасыз етілді. Негізінен шығындар халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ай сайынғы кірістерді жоғалтуына байланысты төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмалары бойынша бағытталған», - деді ол.

Бірінші вице-премьер дерегінше, жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 300 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат – 700 млрд теңге. Осы қаражат аясында өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 255 мың жұмыс орны құрылады.

«Айналым капиталын жылдық 8 пайыз жеңілдікпен несиелеу және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық 6 пайыз жеңілдікпен несиелеуді ұлғайту шеңберінде 1 трлн теңге бюджеттен тыс қаражат қарастырылған. 4,5 млн адам екі ай ішінде 42,5 мың теңге мөлшерінде төлем алуда. Бұл мақсатқа 380 млрд теңге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан көзделген. Тұрғын үй құрылысын 15 млн шаршы метрге жеткізу үшін қосымша 390 млрд теңге бюджеттен тыс көздерінен тартылады», - деді Әлихан Смайылов.



11 мамыр 2020 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930