» » Қазақстанда жалға алынған үйдің ақысы өтеледі: Үкімет қаулы қабылдады

Қазақстанда жалға алынған үйдің ақысы өтеледі: Үкімет қаулы қабылдады

Үкімет тұрғын үйді жалға алуға берілетін төлемдерге қатысты қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 25 қаңтарда үкімет индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады", – делінген ресми хабарламада. 
Осы қаулының негізінде министрлік баспанаға аса мұқтаж азаматтарға тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітетін болады.
Айта кетері, 2020 жылғы жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев арендалық төлемді субсидиялау тетігін енгізуді тапсырған болатын. Онымен әкімдіктің баспана кезегінде тұрған мыңдаған адам қамтылады деп жоспарланған.
Сол кездегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жаңа бастаманы іске асыру жобасын да таныстырды. Оған сәйкес, арендалық төлемнің 70-80 проценті бюджет есебінен өтеледі.
Жалға алынатын баспанаға қатысты талап та болады деген. Атап айтқанда, арендалық үйдің ауданы 40-80 шаршы метр болуы шарт.
Ал отбасының табысы әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.
26 қаңтар 2022 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930