» » Президент баспананы қалай қолжетімді етуге болатынын айтты

Президент баспананы қалай қолжетімді етуге болатынын айтты

Мемлекет басшысы Ақордада өткен отырыста қазақстандықтар үшін баспананы қолжетімді ету мәселесін көтерді. Ол тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пәтерді жалға беру нарығын реттеп, баспана құрылысының өзіндік құнын жүйелі түрде төмендету керек екенін айтты.
Сейсенбі күні Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен экономикалық мәселелер жөніндегі кеңес өтті. Президент бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Тоқаевтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әрбір қазақстандық пәтерді жалға немесе сатып алу мүмкіндігі мен шарттарын анық түсінуі тиіс. Бұл үшін баспананың қолжетімділігіне қатысты шарттарды анықтау керек. Құрылыстың өзіндік құнын жүйелі түрде төмендетіп, көппәтерлі және жеке баспананың аражігін ажыратып, пәтерді жалға беру нарығын реттеу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Баспана жайы елдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет баспананы қолжетімді ете түсу үшін бірқатар бағдарламаны іске қосты. Оған сәйкес, кейбір тұрғындар жалға берілетін пәтерге ие болады немесе пәтерді жеңілдікпен сатып алады.
Ақордада өткен отырыста елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, ақша-кредит саясатын жүзеге асыру, атаулы әлеуметтік көмек реформасы мен әлеуметтік мәселелер талқыланды.



16 қазан 2019 ж. 1 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031