» » Қазақстанға аяз қайта оралады

Қазақстанға аяз қайта оралады

Қазақстанға көктем келсе де, аяздың беті әлі қайтпай тұр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Синоптиктердің мәліметінше, 19-21 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендейді. Мәселен, республиканың солтүстік жартысында түнде -7-18°С, күндіз -6+6°С болады, оңтүстік жартысында түнде 0-10°С, күндіз +3+18°С дейін жылы болады.
«Алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, оның әсерінен елімізде жауын-шашын болады», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, 21 наурыз түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі. 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурыз күндіз, 20-21 наурызда Жамбыл облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр. 
«20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, республиканың барлық аумағында, солтүстікте және орталықта жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
18 наурыз 2024 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

11 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 817
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 099

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930