» » Сәлем салу – салтымыз

Сәлем салу – салтымыз


16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күніне орай К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде «Сәлем салу» дәстүрі ұйымдастырылды.

Ертеден келе жатқан сәлем салу дәстүрі – қазақ келіндерінің үлкенге деген сый-құрметінен туған әдептілік белгісі.

Жыраулар үйіне келген ақ жаулықты аналарға иіле сәлем салған келіндер ибалық пен ізеттіліктің, үлкенге құрмет, кішіден ізет болар өнегені көрсетті.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шарада аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков мерекелік лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.

Әрі қарай іс-шарада халқымыздың халықтық ән-күйлері орындалып, жиналған жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.
16 наурыз 2024 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30