» » «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл


«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына 35 жыл толды. Осыған орай Тағзым алаңында еске алу шарасы өтті.
Халықтың көз жасына суарылған аса өзекті мәселенің көтерілуі бүкіл жер шарындағы мемлекеттердің алаңдауын тудырды. 1989 жылдың қақаған қысында «Невада-Семей» қозғалысы алғашқы митингісін өткізіп, ел арасында сең жүргізді. Сонау 1949 жылдан басталған ядролық сынақтардың алапат улы зардабы Ұлы Дала халқына ғана емес, күллі әлемнің жұртшылығына тиесілі екенін дәлелдеді. Осылайша болашақ ұрпақтың амандығына алаңдаушылық жер бетіндегі тыныштықтың, бейбітшіліктің тұрақтануына ықпал етті. Дегенмен, «Невада-Семей» қозғалысы қолға алған ядролық сынақтарды тоқтату мәселесі күн тәртібінен әлі де түспейді. Полигонның зардабы қазақ халқының санасынан еш өшпек емес.
Шарада аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі. Сонымен қатар, «Невада-Семей» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Сағымбаев бүгініміздің бейбіт, ертеңіміздің жарқын болуына тілектестік білдірді.
– Қазақ еліне қасірет әкелген Семей полигоны жабылды дегенімізбен оның зардабы әлі күнге толық жойылған емес. Ол жақта әскери борышын өтеген талай азаматымыз өмірден өтті. Полигон басында қызметте болғанда ақпараттың бәрі жасырын болды. Біз қаланың сыртында қызмет еттік. Жарылысты казармада отырып сезетінбіз. Сынақ салдарының қандай болатынын ойламаған да едік. Қазір елге аман-есен оралғанымызға шүкір дейміз. Семей полигонының жабылуына қол жеткізгеніміз – біз үшін үлкен жеңіс, – деді ол.
Шара барысында «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
Ардагерлерді еске алу және құрмет көрсету шарасы салтанатты марапаттау жиынына ұласты. Бірқатар ардагерлерге 35 жылдық мерекелік төсбелгісі табысталды. Аталмыш шаралар легі ядролық сынақ зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына арналған ас берумен қорытындыланды.
Қазақ елі ғасырлар бойы өркениет пен даму тоғысында басынан талай зардапты шегіп, көптеген қиянат көрді. Кеңес кезеңіндеақ жетпіс жылдан аса түрлі сынақтың алаңына айналды. Қазақтың жүрегіне өшпестей дақ қалдырған Семей ядролық сынағы – соның дәлелі.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 ақпан 2024 ж. 160 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 379

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 458

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930