» » Байқоңырлық ақсақалдар бас қосты

Байқоңырлық ақсақалдар бас қосты

Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының Байқоңыр қалалық Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Кездесуде Қ.Нұртай ақсақалдармен «Байқоңыр» кешенінде атқарылып атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ой пікір-алмасып, ұсыныстарын тыңдады.

Ақсақалдармен қалада қордаланған мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Атап айтқанда, «Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының отырысында қаралған Байқоңыр қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметті қазақстандық салық заңнамасымен жүргізу, жекелендірудің құқықтық негіздері және қалаға кіріп-шығу тәртібін жеңілдету (қызметті цифрландыру), мәселелеріне қатысты ақпарат жеткізілді. 

Бұдан бөлек, кездесу барысында барысында коммуналдық қызметтерге тарифтер, электр және жылу желілілерін модернизациялау, оған қоса көп қабатты тұрғын үйлердің қазіргі жәй-күйін тексеру, қазақстандық білім ұйымдарын дамыту, санын арттыру,  көпбейінді аурухана қызметінің аясын, сапасын арттыру мәселелері ақпараттандырылды.

Сонымен қатар осы жылы бойынша көпбейінді аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыру және қызмет аясын кеңейту, қазақстандық мектепке дейінгі білім беру ұйымын ашу, қаланың су бұру және су желілеріне модернизация жұмыстары жоаспарланған.
Аталған мәселелер бойынша ақсақалдармен жан-жақты талқылау жүргізіліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Кездесу барысында Байқоңыр қаласының мәселелері Мемлекет және Үкімет басшысыларының, облыс әкімінің жіті бақылауында екендегі атап өтілді.

Ақсақалдардың өмірлік тәжірибесін ескере отырып «Байқоңыр» кешенінің мәселелерін шешу жолында мұндай кездесулер тұрақты ұйымдастырылатын болады.

27 ақпан 2024 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031