Топ-баннер
» » Ел батырларын еске алды

Ел батырларын еске алды

Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деп текке айтпаған. Елінің ар-намысын қорғау жолында жанын қиған асыл азаматтардың есімін ардақтау бүгінде дәстүрге айналған. Олар өмірден өтсе де рухы бейбіт тіршілігімізге мәңгі шуағын шашпақ.
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Осыған орай интернационалист жауынгерлерді еске алу мақсатында аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде бокстан кіші жасөспірімдер арасында ауданаралық ашық біріншілік өтті. Жарысқа 7 команда қатысып, 15 салмақ бойынша спортшылар бақ сынасты.
Төрт күнге созылған бәсекеде былғары қолғап шеберлері жақсы ойын көрсетті. Әр салмақ бойынша шаршы алаңға шыққан спортшылар бірінен-бірі асып түсердей мықтылығын дәлелдеп, төрешілердің оң бағасын алып отырды.
Нәтижесінде командалық есеп бойынша І орынды Қармақшы ауданы, ІІ орынды Сырдария ауданы, ІІІ орынға Байқоңыр қаласынан келген команда жайғасты. Сонымен қатар әр салмақ бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздарға ұйымдастырушылар дайындаған алғыс хат пен медаль, кубоктар табысталды.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
22 ақпан 2024 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 467
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728