» » "Ауырған адамға ораза ұстауға бола ма": ҚМДБ өкілдері маңызды сұрақтарға жауап берді

"Ауырған адамға ораза ұстауға бола ма": ҚМДБ өкілдері маңызды сұрақтарға жауап берді

"Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін", - делінген Құран аятында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері науқас адамдардың ораза ұстауына қатысты сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz басқарма сайтына сілтеме жасап.
ҚМДБ өкіліне "Ауырған адамның ораза ұстауына бола ма?" деген сұрақ қойылған. "Оразаның себебінен ауру асқынып кететін болса немесе баяу жазылатын болса, ораза тұтпауға болады, тіпті аузын ашпаған жағдайда көзі қатты ауырса немесе ыстығы көтерілсе, оразаны бұзуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, науқас төсек тартып жатып қалса, тұрып намаз оқуға шамасы келмей қалса да аузын ашуға болады", - дейді дін қызметкерлері.
Олардың сөзінше, бұл жерде тәжірибеге немесе білікті дәрігердің нұсқаулығына жүгінеді. Емделіп болғаннан кейін ұстай алмаған оразасының қазасын өтейді.
"Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтесін", - делінген Құран аятында.
 Сондай-ақ рамазан айында барлық науқасқа бірдей ауыз ашуға рұқсат етіле бермейітіні айтылған. Кейде ораза ұстау науқастың дертіне шипа болуы мүмкін. Өйткені ораза ұстаудың көптеген ауруларға ем болатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Осыған ұқсас "Егде жастағы адамға және созылмалы дерті бар кісіге ораза ұстамауға бола ма?" деген де сұрақ қойылған. Дін қызметкерлері берген жауапқа сүйенсек, жылдың басқа мезгілінде ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және созылмалы дерті бар кісіге (өмір бойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Оларға қазасын өтеу де шарт емес.
 "Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек", - делінген Құранда.
Ибн Аббас бұны ораза ұстауға шамасы келмейтін үлкен жастағы қария кісі мен қартайған әйел деп түсіндірген.
Підия – (орта есеппен) бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Підияны пітір садақа мөлшерімен есептеуге де болады. Підияны рамазан айының басында немесе соңында беруге болады.
"Бірнеше күннің підиясын бір адамға немесе бірнеше адамға бөліп бере алады. Бұл садақа халықтың кедей топтарына, тұрмыстық жағдайы төмен көп балалы отбасыға, халі нашар мүгедек жандарға үлестіріледі. Підия беруге жағдайы болмаса, одан да босатылады. Алла Тағаладан кешірім тілейді", - делінген сайтта жарияланған жауапта.
Басқарма өкілдерінің түсіндіруінше, науқас адам алдағы уақытта созылмалы ауруынан айығып кетсе, әлсіреген адам күш жинаса, үзірі кеткен болып саналады да, берген підиясы жойылады. Яғни бұрынғы оразалардың қазасын өтейді. Өйткені підия беру үшін науқастың әлсіздік, сырқатты жағдайы өліміне шейін жалғасуы шарт.
Сондай-ақ "Адам қант ауруына шалдығып, ораза ұстай алмаса не істеу керек?" деген сұрақ қойылған. Дін өкілдерінің мәліметінше, ауру – ораза ұстамауға рұқсат ететін үзірлердің бірі. "Имам Нәсәфи "Кәнзу әд-Дақайқ" кітабында: "Аурудың асқынуынан қорықса, аузын ашуға рұсат" деген.
Бірақ бұл ауруларды екіге бөліп қараймыз: Біріншісі – жазылатын ауру. Мұндай жағдайда ауызды ашуға болады. Кейін ауруынан айыққан соң қазасын өтейді.
Алла Тағала "Бақара" сүресінің 184-аятында: "Ал кім науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын" деген.
Екіншісі – оразаға шамасы жетпейтін, созылмалы ауру. Бұл жағдайда ораза ұстамай әр күніне підия береді. Алла Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында: "Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар мен созылмалы дертке шалдыққандар) підия ретінде бір жарлының тамағын беруі керек" деген", - деп жауап берді ҚМДБ өкілдері.
19 ақпан 2024 ж. 177 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930