» » 1000 көшбасшы жобасының жеңімпаздары

1000 көшбасшы жобасының жеңімпаздары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2023 жылы 28 наурыздағы №249 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында айтылған кадр резервін қалыптастыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін Оқу-ағарту министрлігі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.
Жоба өткен жылы пилоттық режимде іске асырылды. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 8068 өтінім берілген. Үміткерлер құзыреттілікті бағалау, үш деңгейлі оқыту, еліміздің жетекші озық мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтті. Соның аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылы 28 желтоқсандағы №396 бұйрығына сәйкес 208 үміткер республикалық кадр резервіне алынды. Осыған орай, Астанада «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға ауданымыздан №121 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сымбат Ерманова мен аудандық оқушылар үйі директорының оқутәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құралай Манасова қатысып, сертификатқа ие болды. Барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан жоба түлектері нағыз көшбасшылар ретінде еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын арттыруға үлес қосады деп сенім білдіреміз.
«Қт» ақпарат
Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 
31 қаңтар 2024 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930