» » Қоғамдық кеңес

Қоғамдық кеңес

qarmaqshy-tany.kz «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық қоғамдық кеңестің отырысын өткізілді.
Отырыстың күн тәртібінде құқық қорғау және білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы хабарламалары тыңдалды.
«Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік басым бағыттарды іске асыру мақсатында «Қармақшы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі де өз құзіреті шегінде жұмыстар атқарып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мақсатында мектеп директорлары және қызметкерлерімен жиналыстар, дөңгелек үстелдер жиі өткізіліп тұрады. Жеке және заңды тұлға өтініштерін қарау тәртібі, азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау жұмыстары заң аясында және нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 53-тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылғы 14 қаңтарда Министрліктің №24 бұйрығымен бекітілген «Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығы басшылыққа алып жұмыс жасау қатаң түрде сақталған",-деді аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Тоқшылықова.
Келесі болып сөз кезегін алған аудандық полиция бөлімінің орынбасары Ақылбек Амирбеков"Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен күресу Еліміздің басты үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Мемлекеттің дамуына қайшы келетін жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын жаһандық елдерді алаңдататыны анық.
Президентіміз мемлекеттiк негiзгi басымдылықтарының арасында сыбайлас жемқорлықпен күрестi белгiледi.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның барша азаматтарының азаматтық борышы, әрі міндеті болып табылады."
01 желтоқсан 2022 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031