» » «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында әріптестеріміз үздіктер қатарынан көрінді

«Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында әріптестеріміз үздіктер қатарынан көрінді

Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда.
Осыған сәйкес Астанада «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында іріктеуден сәтті өткен үміткерлерге сертификат тапсыру рәсімі өтті.
Осы ретте «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енген Қармақшы ауданының оқушылар үйінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манасова Құралай Қорғанбекқызы және N121орта мектеп директорының бастауыш сынып оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерманова Сымбат Нұрғалиқызы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан сертификат алды.
Айта кетейік, жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 8068 өтінім берілген. Үміткерлер құзыреттілікті бағалау, үш деңгейлі оқыту, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өткен. Нәтижесінде барлық бес кезеңнің қорытындысы бойынша Республикалық кадр резервіне 208 кандидат кірген.
Үздік көшбасшылар қатарынан көрінген әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!

Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 

29 қаңтар 2024 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 287
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031