» » Су ресурстарын басқаруды дамытудың маңызы зор

Су ресурстарын басқаруды дамытудың маңызы зор


ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы күн тәртібінде көтерілген су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы, шағын және орта бизнесті қолдау шаралары аудандық мәжілісте талқыланды.

Бүгін аудан әкімі Ж.Еркінбектің төрағалығымен өткізілген мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

Соңғы жылдары аймағымызда орын алып жатқан суармалы су тапшылығы салдарынан қажетті су көлемі жеткілікті болмай, бірқатар қиындықтар туындады. Былтырғы жылы Үкімет және Аймақ басшыларының тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында су тапшылығының алдын алу мақсатында жүргізілген шаралар нәтижесінде егілген егін сусыз қалған жоқ. Cу шаруашылығы нысандарының су алу науқанына толық дайын болуы керек.

Егін шаруашылығынан бөлек, мал жайылымдық жерлерді суландыру жұмыстары да маңызды мәселеге айналып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде аудандағы мал басы саны орта есеппен 50 пайызға өсті.

2023 жылдың қорытындысымен аудан бойынша 4081 кәсіпкер тіркелген. Кәсіпкерлік саласын ілгерілетіп, кәсіпкерлер санын арттыру бағытындағы нақты шаралар қабылданады. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламаларға ауылдық округ тұрғындарының қатысу үлесі ұлғайтылады.

Аудан әкімі мәжілісте айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тыңдай келе, тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп жиынды қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 қаңтар 2024 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 852

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930