Қызылорда қаласының әкімі қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті
Қызылорда қала әкімі С.Қожаниязов VIII-шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Кездесуде сөз алған қала әкімі Серік Салауатұлы: «Барлығымызға ортақ мақсат – халықтың талап тілегіне қарай қызмет атқарып, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру, аймағымызды дамыту, Сыр елінің бас қаласын жаңа дәуiрдiң салтанаты жарасқан қаласы ету бағытында жұмыстар атқару болып табылады. Облыс басшысының тапсырмасы да осы үдеден шығады. Бүгінгі кездесудің мақсаты - қаладағы өзекті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылау, қаладағы сайлау округтері бойынша халықтың сұранысын айқындау болып отыр» - деп атап өтті.
Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев қала басшысына қалалық мәслихат қызметі туралы ақпарат беріп, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағаларына кезекпен сөз берді.
Қалалық мәслихаттағы бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Нұртазаев, әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Мұсабаева, коммуналдық-шаруашылық және қала инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Д.Абизов, ауылшаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Жүсіп комиссия қарауына жататын мәселелер бойынша және «Amanat» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Т.Мақаш және «Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Ғ.Байсейітов, депутат - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Б.Кәрімова, кәсіпкер-депутат М.Есжанов, теміржолшы-депутат И.Басықараев қаладағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуде депутаттар тарапынан жеке балабақшалардың қызмет сапасын арттыру, қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету, қалада бей-берекет жүрген иесіз жүрген ит-мысықтар мәселесі, спорт алаңдарын көбейту, түнгі жарықтандыру, қаланың Шанхай жақ аумағынан Оқушылар сарайын ашу, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу,шет аймақтардағы жолсыз жерлерге жол салу және қаланы перспктивалық дамыту, бас шаһарымыздың туристік-ғылыми тартымдылығын ашу, жасанды интелект жобаларын қаланың тұрмыс тіршілігіне енгізу мәселелері бойынша пікірлерін жеткізді.
Өз кезегінде қала әкімі Серік Салауатұлы депутаттар көтерген өзекті мәселелерге жекелей тоқталып, алдағы қаланы дамыту жоспарларымен бөлісті және қаладағы коммуналдық мәселелерден бөлек, қала дамуына серпін беретін жарқын жобаларды да қарастыру қажет ететіндігін атап өтті.