» » "Тәжірибе алаңы"- шығармашыл ұстаздардың шыңдалу алаңы

"Тәжірибе алаңы"- шығармашыл ұстаздардың шыңдалу алаңы

Тәжірибе алаңының 2 және 3 күні барысында түрлі бағыттар бойынша кәсіби байқаулар, шеберлік сыныптар, спорттық ойындар және мәдени шаралар өткізілді.
Нәтижесінде "Қармақшы білім" командасы төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.
Атап айтар болсақ:
«Үздік демо-сабақ – 2024» байқауы бойынша ІІІ орын. №105 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Қ.Көшеков.
"Көңілді тапқырлар алаңы"сайысы барысында ІІ орын "Қармақшы" құрамасы.
«Кәсіби құзыреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда баяндама қорғаушы №273 орта мектеп мұғалімі Н.Хамитов "Құрмет грамотасына" ие болды.
Тәжірибе алаңының «трендіне» айналған «Алтын көмбе» ойынында әртүрлі тақырыптардағы логикалық сұрақтарға жауап беріп, ойын қортындысында "Қармақшы білім" командасы 37 ұпай жинап, жүлделі 1 орын иеленді. Ойын шарты негізінде жалғыз команда ғана ең көп ұпай санымен 1 орынға қол жеткізуі керек.
Алаңның кезекті шарасы «Оқуға құштар мектеп» тақырыбындағы театрландырылған мәдени шара негізінде "Қармақшы білім" командасы ІІ орын иеленді.
Мәдени шаралармен қатар спорттық сайыстар негізінде "Үстел теннисі" - 1 орын, "Шахмат" ойынында ІІІ орынға қол жеткізді.
Тәжірибе алаңы барысында өткізілген байқаулар мен шеберлік сыныптардың қорытындысы бойынша үздіксіз ізденіс жұмыстары мен білім бәсекелерінде белсенділік танытқан №27 мектеп директоры Н.Райымов, №105 мектеп-лицейінің мұғалімі Н.Сайлауов, командалық жарысқа жетекшілік жасаған білім бөлімінің әдіскері С.Мұратов және алаң жұмыстарын ұйымдастыру мен алаң жұмыстарына сарапшылық танытуда белсенділік танытқан №105 мектеп-лицейі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Е.Байдрахманов "Құрмет громотасымен" марапатталды. Қалған қатысушылар арнайы алғыс хаттарға ие болды.

Біздің FacebookInstagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! 
08 қаңтар 2024 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 220

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930