» » Қармақшы ұстаздары облыстық тәжірибе алаңында

Қармақшы ұстаздары облыстық тәжірибе алаңында

qarmaqshy-tany.kz Білім кәсіподағы мен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткізілетін атаулы шараға биыл 20 жыл толып отыр.

Жиынның ашылу салтанатында Комитет төрағасы Гүлнар Бабабекқызы білім беру жүйесінде мұғалімдердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, және әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау бағытында бұл жиынның септігі зор екенін атап, алаң қатысушыларына сәттілік тіледі.

Әрі қарай «Өрлеу» орталығының тренерлері жұмыс бағдарламасы негізінде түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, семинарлар мен конференциялар, тренингтер, танымдық ойындар тағы басқа іс-шараларда ауданның жас ұстаздары белсенділік танытып жақсы нәтижемен марапатталды. Атап айтсақ, №105 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Байдрахманов Ерсін, №30 орта мектебінің әлеуметтік педагогы Сұңғатов Еркін, №277 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі бірнеше жыл облыстық тәжірибе алаңында озат жұмыстар көрсетіп, шығармашыл белсенділігі үшін "Педагогтердің облыстық тәжірибе алаңының 20 жылдығы" төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар аудан ұстаздары тәжірибе алаңында өткен шахмат ойынынан - 3 орын, "Ауылдың алты ауызы" мәдени шара-3 орын, "КТК топтар" мәдени шара-3 орын иеленіп, "Құрмет грамотасы", "Алғыс хатпен" марапатталды.

06 қаңтар 2023 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031