» » Жаңа жыл 2024: Аудан басшысы мерекелік салтанатты шараға қатысты

Жаңа жыл 2024: Аудан басшысы мерекелік салтанатты шараға қатысты

Орталық алаңдағы көңіл-күй керемет. Қызылды-жасылды шамдар көздің жауын алып, құдды ертегілер әлеміне жетелегендей. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін алаңдағы салтанатқа асығуда.

Аудан үшін мәуелі жыл болған 2023 жылды қорытындылау кешінде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы аудан тұрғындарын арнайы құттықтап, жүрекжарды лебізін білдіріп, халықпен бірге болып, қуанышты сәттерге куә болды.

"Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Биылғы жыл ауданымыз үшін тарихи жыл. Себебі, қойнауынан 100 жырау мен 1000 палуанды түлеткен қасиетті мекеніміз Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойын жоғары деңгейді атап өттік. Ғасырлар тоғысындағы туған жерімізге 2023 жыл толайым табыстар мен мол жетістіктер сыйлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ауқымды жұмысты бастадық. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын және жолдарды жөндеу бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылып, тұрғындардың өмірі сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады. Ол үшін бізге тек қана ауызбіршілік пен тұрақтылық керек"- дей ортақ шаңырағымыз Отанымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша Қармақшылықтарды үлкен үміттер мен ізгіліктерді күтетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Мерекелік салтанаттың соңы отшашумен аяқталып, халық зор қуанышта жаңа-жылды қарсы алуға отбасыларына тарқасты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2024 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930