» » Аймақтағы алғашқы құс фабрикасының ашылу салтанаты өтті

Аймақтағы алғашқы құс фабрикасының ашылу салтанаты өтті

Облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының ашылу салтанатына қатысып, барша қармақшылықтарды жаңа өндіріс орнының ашылуымен құттықтады.

"Елімізде сапалы ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеуді дамытуға бағытталған жобаларға басымдық берген абзал. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар ашу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет", - деп өз Жолдауында Мемлекет басшысы еліміздегі тамақ өнеркәсібінің жолға қойылуын, ұлт саулығы үшін барынша сапалы азық-түлікпен отандық өнім өндірісін дамыту басты ұстаным екендігін атап айтқан болатын.

Бүгінгі таңда облысымызда құс етіне деген сұраныс орта есеппен алғанда жылына 14,1 мың тоннаны құрайды екен. Осы уақытқа дейін барлығы сырттан келетін еді. Ақтөбе ауылының инвесторы Нұрлан Іздібаевтың тың жобаны алғаш болып өңірімізде ашып, алғашқы өнімдерін нарыққа ұсынуы отандық өнімге деген халықтың сұранысын арттыруда.

Аймақтағы алғашқы құс фабрикасының толық қуаттылығымен жұмыс жасағанда жылына 3500 тонна құс етін өндіріп, 160 адамды жұмыспен қамтитын болады.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 желтоқсан 2023 ж. 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 833

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031