» » Отандық өнімге басымдық беріледі

Отандық өнімге басымдық беріледі

   Жақында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов іс-сапармен ауданымызға ат басын тіреді. Ол аудан әкімі Мұса Қалдарбеков және тиісті сала басшыларымен бірге Ақтөбе елді мекенінде аялдап, құс фабрикасының құрылыс жұмысымен танысты. Онда жылына 1500 тонна құс етін өндіру жоспарлануда. Ағымдағы жылы құс фабрикасын сыртқы сумен және электрмен жабдықтау инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылысы аяқталып, фабрика іске қосылғаннан кейін өңірімізде сапалы құс етімен қамтитын бірегей өндіріс ошағына айналары сөзсіз. Сондай-ақ отандық өнімді экспортқа шығаруға да мүмкіндік береді.

   Бақыт Дүйсенұлы сапарын әрі қарай ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі "Достық Жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалғастырды. Ондағы егістіктің көктемгі жайымен танысып, аймақтағы ауыл шаруашылығы құрылымдарына барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
   Жалпы биыл ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлығы 23750 гектарға егіс орналастыру межеленген, оның ішінде күріш дақылын 14000 гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Себебі өңірдің негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы секторы болғандықтан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға әрдайым басымдық беріледі.
   Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов ерте көктемнен басталған егіннің бітік шығып, күзде қырманның астыққа толуына тілегін білдірді.

"Қт" ақпарат
01 мамыр 2020 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 478

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 550

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031