» » Қазақстанда салық органдары такси жүргізушілері мен сатушыларды қашан тексере бастайды?

Қазақстанда салық органдары такси жүргізушілері мен сатушыларды қашан тексере бастайды?

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті такси жүргізушілері мен дүкен сатушылары салық органдары назарына қашан ілігетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Егер бұл азаматтар үшінші кезеңге кірмесе, онда олар жеке тұлға, 2026 жылдан бастап декларация тапсыруы тиіс. Үшінші кезеңге жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар, заңды тұлғаның директорлары-қатысушылары, олардың жұбайлары кіреді. Егер олар осы адамдар тізіміне енсе, онда 2025 жылы декларация тапсырады", - деді министрліктің МКК Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.
Оның айтуынша, жеке тұлғаларды тексеру жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың төртінші кезеңіне енгізілген қазақстандықтардың декларациясы туралы мәліметтер алғаннан кейін 2027 жылы басталады.
Бұған дейін МКК қазақстандықтардың аударымдары туралы банктерден кезең кезеңімен ақпарат келіп түсетін күндерді жариялаған болатын:
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап-мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша (2022 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша (2023 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша (2024 жылдың қорытындысы бойынша);
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – халықтың қалған бөлігі бойынша (2025 жылдың қорытындысы бойынша).
28 желтоқсан 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 150

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930