» » Жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталды

Жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталды


2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталады. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер қатысады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков хабарлады.

-Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты - жеке тұлғалардың кірістері мен оларға тиесілі мүлікті бақылаудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Бұл жүйе көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталады. Биыл 121 мыңнан астам жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялаудың ІІ кезеңіне қатысуға міндеттелді. Соның ішінде 115 575 тұлға жеке мүлкі туралы анықтама берді. Ал 6 мыңнан астам азаматқа декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін ескерту берілді. Жалпы облыс бойынша 67 101 жеке кәсіпкер, 36 002 заңды тұлғаның басшылары, 32 785 азамат заңды тұлғаның құрылтайшысы болып тіркелген. Олар келер жылы аталмыш санат бойынша жұбайларымен бірге декларация тапсырады. Айта кететін жайт, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлганың басшыларының өз атында жұмыс істемей тұрған немесе уақытша тоқтатып қойған кәсібіңіз болса осы жылдың 31 желтоқсанына дейін кәсіпкерлікті жабуыңызға мүмкіндік бар. Дәл уақытында жаппаған жағдайда декларация табыс етуге міндетті боласыз, - деді Еркін Кеңесбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

07 желтоқсан 2023 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 78

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 226

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930