» » Қазақстанда жалпыға бірдей декларация кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады

Қазақстанда жалпыға бірдей декларация кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады

Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.


Өткен жылдың 3 шілдесінде жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды және бұдан әрі кезең-кезеңіменкөшуді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңықабылданды. 
Бірінші кезеңде - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастады. 
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Декларацияны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс. 
Олар отандық не шетелдік банктердегі, сейфтегі ақшасын, жылжымайтын және жылжитын мүліктерін, жер телімдерін, акциялары мен үлестерін, көлігінің барлық түрін, соның ішінде ұшақтары мен яхталары, әуе және су көлігі туралы барлық ақпаратты жазуы тиіс. Бұған қоса, құны 1 000 АЕК-тен асатын қымбат мүлкін, мысалы, картиналарды, әшекейлерді көрсетуге кеңес беріледі. Егер құны белгісіз болса, салық төлеуші оны бағалайтын маманды тартуы қажет. Декларация қағаз күйінде 2021 жылғы 15 шілдеден, ал электронды күйде – 2021 жылғы 15 қыркүйектенкешіктірмей ұсынылуға тиіс.
Екінші кезеңде - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.
Төртінші кезеңде - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады. 
Бұл ретте, әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталатын болады. Заңнаманы, әдістемені және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер дайындалуда. Олар Қазақстан Республикасының парламентіне белгіленген тәртіпте ұсынылады.
Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 
Декларация салық органына жылына бір рет тапсырылады. Осы жүйеге бірінші рет кіргенде азамат елдегі және шетелдегі барлық дүние-мүлкін, қаражатын тегіс көрсетуі шарт. Әйтпесе, келесі жолы декларация ұсынғанда жаңадан ірі мүлкі не ақша сомасы пайда болса, мемкірістер ведомствосы ол адамды тексеру бастамасын көтеруі мүмкін. 
01 қаңтар 2021 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031