» » Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Осыған сәйкес, биыл мемлекеттік мекеме мен квази мемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелері туралы декларациялаудан өтетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Өндірістік емес төлемдер» басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева хабарлады.
-Көлеңкелі экономикаға қарсы тұрудың бір тетігі – жалпыға бірдей декларациялау. Бұл жүйені енгізудегі басты мақсат – жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылауға қол жеткізу болып табылады.
Жалпы бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде жауапты лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтар және оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайлары тапсырды. Ал биылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларациялаудан өтетін болады. Декларацияда жеке тұлғаның атындағы барлық мүліктер, бағалы қағаздар мен банк есепшотындағы қолма-қол ақшасы көрсетілуі тиіс. Жеке тұлғалар декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында арнайы екі мерзім қарастырылған. Атап айтқанда, 15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта, 15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде тапсырылады, - деді Гүлжамал Шортанбаева.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

31 қаңтар 2023 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 709
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031