» » Қазақстанда зейнеткерлер мен студенттер декларация тапсыруы керек пе?

Қазақстанда зейнеткерлер мен студенттер декларация тапсыруы керек пе?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қазақстандық жалпыға бірдей табыс декларациясы бойынша салық есептілігін тапсыруы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Барлығы 250 формасы бойынша декларация тапсыруы керек. Онда барлық мүлік көрсетіледі. Оны барлығы, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын зейнеткерлер, студенттер де тапсыруы керек. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде 6,5 миллионнан аса адам есеп беруі мүмкін", - деді Біржанов Сенатта өткен брифингте.
Қаржы министрлігі мәліметінше, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне барлығы 13 миллион адам кіреді.
"Бірақ болашақта, егер 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлікпен айналыспаса, онда декларацияны бермеу нұсқасын қарастырамыз. Ол туралы ақпаратты автоматты түрде алып қоямыз", - деп қосты ол.
Вице-министрдің айтуынша, жеке адамдар арасындағы сыйлықтар көрсетілмейді.
Жалпы декларациялау бойынша сұрақтар мен ақпаратты 1414 телефоны арқылы немесе ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болады.
15 желтоқсан 2023 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930