» » Банкроттық рәсімдеуде жетім балалар мемлекет берген пәтерінен айырылмайды

Банкроттық рәсімдеуде жетім балалар мемлекет берген пәтерінен айырылмайды

Елорда тұрғындарымен кездескен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкроттық рәсімдеу кезінде азаматтардың арнайы санаттары бойынша қолданылатын талаптар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кезесу барысында БАҚ өкілдері вице-министрге: «Егер жетім санатындағылар өзін банкрот деп жарияласа, олардан мемлекет тарапынан берілген пәтерлері тәркілене ме?» – деп сауал қойды.
Бұған қатысты жауап берген Ержан Біржанов банкроттық рәсімдеу кезінде азаматтардың арнайы санаты тиісті нормалармен қорғалатынын айтты.
«Тұрғын үйге келетін болсақ, егер адам банк арқылы пәтер алса және оның жалғыз тұрғын үйі кепіл заты болса, онда бұл мүлік сот процесі арқылы қаралады. Бұл тек сот органдары мен қаржы менеджері арасында шешіледі. Егер тұрғын үй жергілікті атқарушы органдар арқылы жетімдер санаты бойынша алынса, бұл мүлік кепіл заты болмайды. Оны ешкім алып қоя алмайды. Әлеуметтік тарап осындай нормалармен қорғалды», – деп жауап қатты Ержан Біржанов.
13 қаңтар 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 127

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930