» » Қарызын өтей алмай жүргендер 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Қарызын өтей алмай жүргендер 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады

Қазақстандықтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат депутаттары 2022 жылғы 29 желтоқсанда  "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңды мақұлдады.
Банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.
Соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға шешім қабылдаған борышкер мыналарды білгені дұрыс:
- 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбард тардың микрокредиттерін алуды қоспағанда );
- қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
- банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектер есептен шығарылмайды.

06 қаңтар 2023 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 362
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930