» » Жеңімпаз атанды

Жеңімпаз атанды

Жыл аяқталуға жақын. Оны қорытындылау үшін жыл сайын үздіктерді анықтау дәстүрге айналған. Биылда бұзылған жоқ. Ауданымызда да әр жыл сайын үздіктердің қарасы қалыңдап марапат төрінен көрініп жүр.

Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына – 2023» мәдениет ұйымдары мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің республикалық фестивалі өткен еді. Биыл оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі музей, кітапхана мен мәдени ойын-сауық ошақтарының 200-ге жуық қызметкер қатысқан. Нәтижесінде 29 аталым бойынша үздіктер анықталды. Осы тізімге аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әзірбек Бақтыбаев еніп, «Аудандық маңызы бар музейдің үздік қызметкері» номинациясына лайық деп танылды. Арнайы дипломмен қоса 500 000 мың теңге қаржылай сыйлықты да жеңіп алды.

Әзірбек Ілиясбекұлы тарихи жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап, ауданның мәдени мұрасын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген қарапайым қызметкер. Археологтармен бірге талай тарихты ішіне бүккен көне қалаларды ашу жұмыстарында аянбай еңбек етеді. Білікті маманның бұл еңбегінің жемісі биыл еленіп жатыр. Дана халқымызда «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен топырағының құндылығын қалың көпшілікке таныстырып жүрген жан өз әсерін бізбен де бөлісті.

– Қармақшы киелі Қорқыт бабаның елі. Тарихи ескерткіштерге де толы жер. Сондай-ақ жыраулық өнердің де мекені. Музей – адамның рухани құндылықтарын дамытушы әрі бүгінгі өмірге тарих көзімен қарайтын орын, сан ғасырдың жәдігерлері сақталатын мәдени орталық. Ондағы негізгі қызметтердің бірі – музей залдарына экскурсия жүргізу. Экскурсия ғылыми-танымдық білім беру, мәдени ағарту мақсаттарда белгілі бір орындарға жүргізілетін сапар. Мұндағы қызметкерлер экскурсия барысында танымды әрі тағылымды әңгімесімен әрбір экспонатқа жан бітіреді, сөйлете біледі, сырын ашады. Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Туған жердің тұнып тұрған көне жәдігерлері мен құндылықтарын көпшілік алдында таныстырып, насихаттау мен үшін – үлкен мақтаныш. Осының барлығын байқау барысында көрсетуге тырыстым. Бұл біраз әріптестерімнен озық болып, жеңімпаздардың қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Жан-жақтан мәдениет саласының үздіктері мен кіл жүйріктері қатысты. Сондықтан да бір-бірімізбен үлкен тәжірибе алмастық деген ойдамын, – дейді жеңімпаз.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
26 желтоқсан 2023 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930