» » Бас жүлде – аудан архившілерінде

Бас жүлде – аудан архившілерінде

qarmaqshy-tany.kz Өткен апта аудан үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Бір жерлесіміз облыс, республикалық жарыстардан оза шапса, енді бірі мерей өсіріп, жоғары марапатқа ие болып жатыр. Төменде топ жарған жерлестеріміздің жеңісті сәтін қысқаша баяндайық
Елдің тарихы, өмір тірлігі, өткені мен бүгіні қатталатын бірден-бір орын – мұрағат. Жоғын іздеген, барын түгендегеннің бір бас сұқпай кетпейтін орында жұмыс қашан да қайнап жатады. Ескіні жаңғыртып, жаңаны қабылдауда архив мекемелерінің маңызы зор. Өйткені мұрағат сирек кездесетін құжаттарды көздің қарашығындай сақтаса, бүгінде сала заманауи әдіске көшкен. Мұнда жұмысты жетілдіре түсуде сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі үнемі назарда ұсталады. Қарапайым жұмыс тәсілдерімен қатар, байқау, дебат сайыстары ұйымдастырылып отырылады. Жақында облыстық мемлекеттік архивінің құрылғанына 95 жыл толуына және Архив қызметкерлері мерекесі күніне орай «Үздік архивші» атты облыстық байқауы өткізіліп, оған аудандық архив филиалының ІІ санатты архивисті Нұржан Аяғанов қатысқан болатын.
Архивші мамандығының мәртебесін көтеру, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген байқауға облыстық мемлекеттік архиві және филиалдарынан 11 маман бағын сынады.
Іс-шараны облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Ж.Абзалиева ашып, қатысушыларға сәттілік тілесе, облыстық мәдениет және спорт басқармасы архив және құжаттама бөлімінің басшысы Н.Әбілдаева төл тарихымызды жинақтап, сақтап, өткенді бүгінмен, бүгінді ертеңмен сабақтастырып, саланы дамытуда сүбелі еңбек етіп жүрген архившілердің мәртебесін көтеруде осындай игі шаралардың жалғасын таба беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ сала ардагері Г.Рахметова құндылықтарды сақтап, асыл мұраларды болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізуде мамандардың атқарып отырған рөлі зор екенін атап өтті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Қатысушылар сәлемдесуде өздерін таныстырып, архив саласына қатысты заңнамалар, архив мекемелері жұмысының нормативтері мен регламенті бойынша тест тапсырмасын орындаса, «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында архив жұмысынан бейнеролик түсіріп, үйге берілген тапсырма бойынша өз өнерлерін ортаға салды.
Білікті мамандардың байқау нәтижесінде бас жүлдені Қармақшы аудандық архиві филиалының архивисті Н.Аяғанов жеңіп алса, басқа да әріптестері: І орынды Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің археографы А.Әлиасқарова, ІІ орынды қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының архивисті Ә.Басанова, ІІІ орынды облыстық архивтің архивисі Ш.Төлегенова иеленді.
Қатысушыларға «Ең үздік танытылым», «Креативті маман», «Ізденімпаз» номинациялары және алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шара соңында қатысушылар «Қызылорда облысына – 85 жыл», «Архив – ұлттық құндылықтар қазынасы» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрмелерге экскурсия жасады.
– Байқаудан бас жүлде алғанымызға қуаныштымыз. Сайысқа қатысқандардың барлығы да сайдың тасындай іріктелініп алынған мықтылар. Солардың арасынан Нұржанның басты орынға жайғасуы – ауданымыздың да абыройын арттыра түскені сөзсіз, – дейді аудандық архивтің филиал басшысы Гүлжамал Іздібаева мерекедегі көңіл күйімен бөлісіп.
С.ДАТ
20 желтоқсан 2023 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 405

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930