» » Қызылорда қаласында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Қызылорда қаласында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылды


Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде Қызылорда қаласында жаңа темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Құны 268,1 млн теңгені құрайтын Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірі енді ел игілігіне қызмет етпек. Салтанатты шараға барған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов барша қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шаһардағы жол инфрақұрылым саласының көкжиегі кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

- Сыр өңірінде жыл көлемінде жаңа нысандардың іргетасы қаланып, көптеген ғимараттар халық игілігіне пайдалануға берілуде. Бүгін мінекей, тұрғындардың сұранысына сәйкес темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталып, Тәуелсіздік мерекесіне үлкен тарту болды. Сапалы жаяу жүргіншілер көпірін салған мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС-на барша сырбойылықтар, оның ішінде Қызылорда қаласының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Баршаңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!, - деді облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов.

Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды. Ал «Қызылжарма» каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі.
Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жол астынан өтетін автожол құрылысы басталады.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 желтоқсан 2023 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930