» » “Келешек” бағдарламасының келешегі кемел

“Келешек” бағдарламасының келешегі кемел


2024 жылы “Келешек” жинақтақтаушы жүйесі іске қосылады. Жүйе барысында балаларға арнайы шот ашылып, мемлекет тарапынан 60 АЕК мөлшерінде арнайы капитал салынады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналары, 5-7% жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Бағдарламаның балаларға берер мүмкіндіктерін "Болашақ" университетінің Рекрутинг және Мансап орталығының басшысы Берік Саймағанбетов тізбектеп берді.

-Бұл жүйе әрбір ата-ана үшін өте өзекті бағдарламалардың бірі деп ойлаймын. Әрбір баланың шотында камелет жасына толғанша қаржы жинақталып, қалаған оқу орнына түсуге мүмкіндік қарастырылмақ. Осылайша айына 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3,3 млн теңгеден астам қаржы жинақталады. Тиісінше, ата-аналардың ерікті жарналары қосылса 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтау мүмкіндігі бар. “Келешек” жүйесі азаматтарды қолдаудың қосымша тетігі десек болады. Бұл ретте талапкер грант негізінде жоғары оқу орнына мүмкіндік алса, шотындағы жинақталған қаражат арқылы баспана алуына да рұқсат беріледі, -деді Берік Рахманұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 желтоқсан 2023 ж. 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031