» » "Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады

"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады

Sputnik. Қаржы министрлігінің болжамынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-і 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады.

Сәби дүниеге келген кезде Әділет министрлігі Жеке тұлғалардың деректері базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық табысы баланың шотында 1 қаңтарда аударылып тұрады.

"Жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін екенін ескеріп, инвестициялық табыстың ставкасын өткен жылдардағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжамдық бағалаулар бойынша мұндай әдіс бағдарламаға туған сәттен бастап қатысқан балаға 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде 18 жылсайынғы төлем алуға мүмкіндік береді", - деді Темірбеков сенатта өткен отырыста.

Ұлттық банк Ұлттық қордың өткен жылдардағы орташа кірісін ескеріп, инвестициялық табыстың 50%-ін есептейді.

"Инвестициялық табыстың ставкасын 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылып отыр. Сонда баланың (18 жасқа толғанда) жинаған сомасы 3500 долларды құрайды деп болжанып отыр", - деді вице-министр.

Қазақстандық 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

17 ақпан 2023 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031