» » Балалар ұлттық қордан өз үлесін алады

Балалар ұлттық қордан өз үлесін алады

qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеген еді. Осы жаңалықтан соң ел-жұрт мұны таң-тамаша қабылдады. Әсіресе аналар қауымының көңілі бір көтеріліп қалды. Әрине, бала болашағына алаңдайтын ана бұған үміт артып, қуана қабылдағаны анық. "Шынында қалай болар екен?" деген іштей уайымы мен күдігінің болғаны да рас. Бұл ел көңілінен шыққан тың бағдарлама болды.
Жуырда Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов бұл жобаның қалай жүзеге асатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, "Ұлттық қор – балаларға" бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр. Енді кәмелетке толған барлық балаларға жеке шот ашылады. Ендеше даурығудың қажеті жоқ. Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жайт.
– 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" анықталды, – деді экономика бірінші вице- министрі үкімет отырысында.
Айта кетерлігі, шотта жиналған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Жобаны іске асыру үшін заңнамалық өзгерістер келесі жылы қабылданбақ.
Ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама Балаларға мемлекеттің қам қорлығы, жан-жақты жағдай жасауы өте маңызды. 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық қор – балаларға" атты түбегейлі жаңа бағдарлама басталатынын жариялаған еді. Бұл бала ертеңіне алаңдаған ата-ана үшін үлкен қуаныш. Халық өзінің ұлттық қордан үлесі барын сезінеді.
Аталмыш жоба аясында ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-і балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылатын болады. Бала осы жасқа келгенде баспана мен білім мәселесін бірден шешуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға тыйым салынады. Ал жиналған қаражатты баспана сатып алуға және білім алуға жұмсауға болады.
Шетелде балалар шотына қанша қаражат құйылады? Біріккен Араб Әмірлігін алып қарайықшы. БАӘ азаматтарының отбасында дүниеге келген адам ғана Араб Әмірліктерінің азаматы бола алады. Ол елдегі жалпы халық санының 20%-ін құрайды. Бұл мемлекеттің қаржылық артықшылығы да көп. Мәселен, үйлену тойына дейін жастар БАӘ неке қорынан процентсіз несие рәсімдей алады. Әрқайсына шамамен 20 мың доллар. Бір қызығы, оны өтеу міндетті емес. Себебі, отбасында сәби дүниеге келген кезде несие автоматты түрде жабылады екен.
Сонымен қатар мұнай мен газдан түсетін кірістерді қол дана отырып, мемлекет жаңа туған нәрестенің болашағын қамтамасыз ету үшін депозиттік шот ашады. Баланың жеке шотына кәмелет жасқа толғанға дейін шамамен 100 мың доллар жиналады. Алайда ел азаматтарының 15%-і бұл жеңілдікті қолданбайтын көрінеді. Мұның себебін кірістерінің жеткілікті екенімен түсіндіреді.
Кувейтте дүниеге келген әрбір нәрестенің атына автоматты түрде банктен шот ашылады. Мұны пайдалануға есепшот иесі ғана құқылы. Шот ашылғанда мемлекет тарапынан салынатын алғашқы сома 3 мың АҚШ долларына тең. Әрі қарай жыл сайын өсіп отырады. Сонымен қатар ата-аналар да шотты толықтырып отыруына болады.
Сингапурда да сәби дүниеге келген сәтте шот ашылады. Оған мемлекет 3 мың сингапурлық доллар (шамамен 2 мың АҚШ доллары) қаржы салады. Ал отбасындағы келесі балаларға бұл ақша 6 жастан бастап төленеді.
Аустралияда әрбір жаңа туған нәрестеге 4 мың аустралиялық доллар сыйақы беріледі (бұл 3 мың АҚШ долларынан сәл асады). Алғашқыда бұл осы соманың тек 30%-ін алуға болады, қалған бөлігі одан кейінгі екі жыл ішінде төленеді. Алайда сыйақы ата-аналар балаға қажетті барлық екпені алса ғана беріледі.
Ал біздің елімізде Үкімет пен Ұлттық банктің есебінше әрбір қазақстандық балалар 18 жасқа толғанша олардың жеке есеп-шотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналатын көрінеді.
Байқағанымыздай, балаларға арналған ұлттық қор ашқан мемлекет саусақпен санарлық. Әлем елдерінің басым бөлігі бала туғанда берілетін бір реттік және ай сайынғы берілетін жәрдемақымен шектеледі. Сол себепті Мемлекет басшысының жаңа жобаны іске қосу туралы бастамасы тарихи шешім деуге болады.
Дүние есігін ашқан әр бала өскенінше есепшотына қаржы аудару туралы бағдарламаның сәтті іске қосылуы үшін 2024 жылға дейін уақыт берілді. Бала болашағына қатысты шешім қабылданды. Қуандық, көңілді бірледік. Ендігі мәселені уақыт еншісіне қалдырайық.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
21 желтоқсан 2022 ж. 672 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031