» » Қазақстанда балалардың арнайы есепшотына қаражат қашаннан бастап түседі

Қазақстанда балалардың арнайы есепшотына қаражат қашаннан бастап түседі

Үкімет мемлекет басшысының 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған тапсырмаларын орындау жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысында жоспардың егжей-тегжейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.
Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында монополиялық және олигополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына аударылатын болады. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделіп отыр.Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан  астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына өзгерістер енгізіледі. "Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту" төртінші бағыты бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген, -деді министр. 
06 қыркүйек 2022 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728