» » Зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай инвестициялау керек?

Зейнетақы жинағының бір бөлігін қалай инвестициялау керек?

2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді. Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру тәртібі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:
ИПБ тарапынан:
1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;
2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;
3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;
4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.
Салымшы тарапынан:
1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;
2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.
Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:
- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде;
- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан
аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.
Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады.
Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы
төлемдері түріне жатпайды және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% - ынан аспауы керек.
19 ақпан 2021 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10207)

06 маусым 2023 ж.

№44 (10206)

03 маусым 2023 ж.

№43 (10205)

30 мамыр 2023 ж.

Оқиғалар

Қызық кісі екен өзі
03 сәуір 2023 ж. 1 472
Кімдікі жөн?

Кімдікі жөн?

30 наурыз 2023 ж.
Құрттың қоқымы

Құрттың қоқымы

05 наурыз 2023 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930